Әуежайдағы оқыс оқиға: зардап шеккен әйелге көмек көрсетіледі

АСТАНА. KAZINFORM — Алматы халықаралық әуежайында кепілге алынған авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкеріне психологиялық көмек көрсетіледі, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

сот
Фото: Kazinform

— Алматы әуежайы аталған оқиға кезінде зардап шеккен қызметкеріне психолог қызметін ұсынды, сонымен қатар оған алдағы уақытта да қажетті көмекті көрсететін болады, — деп атап өтті Алматы халықаралық әуежайы корпоративтік коммуникация департаментінен.

Еске салсақ, осыған дейін Алматы әуежайында жолаушы қызметкердің шашынан тартып, көпшілік алдында пышақ кезенгенін жазған едік.

Кейіннен Президент әуежайда қылмыскерді ұстауға көмектескен азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды.

Сондай-ақ Алматыда әуежайындағы күдіктінің бұған дейін автобуста қызды ұрғаны белгілі болды.

Ал, ерлігімен елді тәнті еткен Мұса Әбдірайым Kazinform тілшісіне қысқаша сұхбат берді.

Бұдан бөлек Алматы әуежайында қаскөйдің қолынан пышақты жұлып алып, ерлік жасаған ер адам туралы жаңа ақпарат пайда болды.

Соңғы жаңалықтар