Әуежайдағы өрттен 18 адам зардап шекті
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Нью-Йорктің Джон Кеннеди атындағы әуежайында өрт шығып, 18 адам зардап шекті, деп хабарлады Ресейдің «Жаңалықтар» ақпарат агенттігі, NBC телеарнасына сілтеме жасап.
Таратылған ақпаратқа қарағанда, өрт Lufthansa компаниясының жүк терминалында шыққан. Полиция мәліметтерінше, қоқыс салатын контейнерлердің бірі қызыл жалынға оранып, онда өртенген азық-түліктің иісінен әуежайдың 18 қызметкері зардап шеккен. Олардың 4-еуі ауруханаға жеткізілсе, қалғандарына оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді.