Әуежайға 122 млн теңге заңсыз айыппұл салынды: «Алматы су» прокуратура шешімімен келіспейді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының өтім департаментінің директоры Серік Шағыров прокуратура шешімімен келіспейтінін мәлімдеді.

«Алматы Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының өтім департаментінің директоры Серік Шағыров
Фото: ӨКҚ

— Салынған айыппұл заңды. Біз оны дәлелдедік. Барлық айыппұл қолданыстағы құқықтық актінің нормаларына сәйкес шығарылды. Алайда, біз келіспейтін прокурорлық қадағалау актісі шықты. Біз бұл акт бойынша белгіленген талаптар аясында шағымданамыз, — деп жауап берді спикер.

Еске салайық, бұған дейін Алматы прокуратурасы әуежайға салынған 122 млн теңге айыппұл заңсыз деп таныған болатын

Атап айтқанда, Түрксіб ауданының прокуратурасы қадағалау актісін енгізіп, заңсыз әрекеттердің жолын кесті. Айыппұл мен қосымша төлемдер жойылды.

Соңғы жаңалықтар