Әуежайға қонған сәтте ер адам ұшақтан құлап кеткен
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - American Airlines әуе компаниясындағы жолаушылардың бірі ұшақ Финикс (Аризона штаты) әуежайына қонған сәтте есіктен құлап түскен, деп хабарлайды. Бұл туралы Associated Press қала полициясының өкіліне сілтеме жасап хабарлады.
Әзірге аты-жөні айтылмай отырған, аздап жарақаттанған ер адам ұсталды.
Мұның үстіне ол қасындағы өзге жолаушыларға бөтелкеге құйылған белгісіз сұйықтықты шашып жіберген.
Миннеаполистен (Миннесота штаты) келген ұшақ бортында 157 жолаушы болған.