02:11, 28 Тамыз 2014 | GMT +5
Әуежайға қонған ұшақты өрт шалды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алжирден Мысырға бет алған «Алжир әуе жолдары» ұшағын Каирдегі халықаралық әуежайға қонған кезінде өрт шалды.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, лайнердің дөңгелектері өртенген. Әуежай қызметінің жедел әрекеттерінің арқасында өрт жылдам сөндірілді. Оқиға салдарынан зардап шеккен жолаушылар болған жоқ, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.