Әуежайлар мен вокзалдарда коронавирус профилактикасының жаңа шаралары бекітілмек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жанар Оразалина елорда аумағындағы коронавирус инфекцияның алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралар тізбесін бекітті.
None
None

Тиісті қаулы құзырлы органның сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаулыға сәйкес, тұрақты жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары мына шараларды қамтамасыз етуге міндетті:

- көлік құралдарындағы ауа баптау, желдету жүйелеріне тексеру жүргізу және желдеткіш сүзгілерді ауыстыруға;

- арнайы көлік құралдарын (перрондық автобустарды) қоспағанда, жолаушыларды отырғызу орындарының санынан аспайтын мөлшерде көлік құралына жіберуге жол бермеуге;

- көлік құралының салонын желдету, дезинфекциялау, сапар аяқтталғаннан кейін жолаушылар жанасқан жерлерді сүртуге;

- жеке қорғану құралдарының, қолға арналған антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының жеткілікті қорының болуына;

- персоналдың жеке қорғану құралдарын (маскаларды), қолға арналған антисептиктерді міндетті түрде пайдалануға;

- көлік құралында жолаушыларды коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы хабардар етуді және жеке қорғаныш құралдарын (маскаларды) пайдалануды ұсынуға.

Халықаралық әуежай, теміржол вокзалдары, теңіз және өзен порттарының басшылары мына шараларды қамтамасыз етуге міндетті:

- ауа температурасы мен ылғалдылық деңгейін қолайлы сақтау үшін үшін желдету, тазалау, жуу, дезинфекциялау, сүзгілерді ауыстыру және басқа да жұмыстар жүргізуге;

- жолаушылар болатын жерлерді жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, толық тазалау жұмыстарын жүргізуге, сүртуге;

- жолаушылар мен келушілер болатын жерлерде (күту залдары, ана мен бала бөлмелері), кіреберісте немесе санитариялық тораптарда қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатуға;

- қызметкерлер арасында COVID-19 кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану алгоритмі бойынша жеке/қоғамдық гигиена қағидаларын сақтау қажеттілігі, кварц шамдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы нұсқау, сондай-ақ сақталуын бақылауға;

- персоналды жеке қорғаныш құралдарымен (маскалар, антисептиктер) жабдықтауға;

- жолаушыларға 60 минутта кемінде 1 рет радио арқылы коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары туралы хабардар етуге.

- өңірдің эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес, «жасыл» және «сары» аймақта болған кезде халық көп жиналатын орындарда медициналық немесе матадан тігілген маскаларды қолдануды ұсынсын.

Көліктегі Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер ұсынған қаулы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.


Соңғы жаңалықтар