Әуежайлардың VIP залдарынан өтетін адамдар тізбесі кеңеймек

Еліміздің әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі кеңейтілмек, деп хабарлайды Kazinform.

В аэропорту Астаны рассказали о причинах задержек авиарейсов
Фото: nqz_airport

Ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында ел Үкіметінің «Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы № 625 қаулысына толықтыру енгізу туралы қаулысы жарияланды. Құжатта Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесіне «Алтын қыран» (Золотой Орел) орденінің және «Халық қаһарманы» (Народный герой), «Қазақстанның Еңбек ері» атақтарының иегерлері енгізілетіндігі айтылған.

Қаулы жобасы 2024 жылдың 10 қаңтарына дейін қоғамдық талқылауға шығарылып отыр.