Әуезов атындағы театрдың директоры парамен ұсталғаны туралы сурет тарап кетті
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық мемлекеттік драма театрының директоры Ерлан Біләлдің парамен ұсталғаны туралы сурет әлеуметтік желіде таралып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл ақпаратқа қатысты театр әкімшілігі ақпарат беруден бас тартты.
«Әлі ешқандай ақпарат расталмады. Бізге ешқандай ақпарат берілген жоқ. Сондықтан, ештеңе айта алмаймыз», - деді баспасөз қызметінен.
Ал, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюроның баспасөз қызметі бұл мәлімет нақтыланып жатқанын, оған қатысты мәлімет кейінен жолданатынын хабарлады.
Әлеуметтік желідегі фото пайдаланушылардың екіұдай пікірін қалыптастырды.
Біреулер «бұл кинодағы эпизодтық рөл» деген болжам жасауда.