Әуезов театрына «Ұлттық» мәртебесі берілді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрына «Ұлттық» мәртебесі берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Сүйінші хабар! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жарлығымен Әуезов театрына «Ұлттық« мәртебесі берілді. Енді М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық академиялық драма театры атандық. Қазақ театрының қара шаңырағы - Әуезов театрының 95 жылдық тарихы бар. Театр өнерінің корифейлерінің ізі қалған өнер ұжымын бүгінгі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!», - делінген театрдың Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры – тұңғыш ұлттық мәдени-сахналық ұжым. 1925 жылдың соңында сол кездегі астанамыз Қызылордада ұйымдастырылды. Театр шымылдығы ресми түрде 1926 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашылды. 1929 жылы театр труппасы жаңа астана Алматыға қоныс аударды. 1937 жылы академиялық театр атағын алды. Ал 1961 жылы өнер ұжымына көрнекті жазушы-драматург М.Әуезов есімі берілді.


Соңғы жаңалықтар