Ауған босқындары Германияға кірмеу үшін ұсынылған ақшалай өтемақыны қабылдамады

АСТАНА. KAZINFORM — Германия ІІМ-нің ауғандарға елге кірмеуден бас тартқаны үшін ақша ұсыну жоспары іс жүзінде сәтсіз болды, деп хабарлайды BILD.

афганские беженцы
Фото: BILD

Пәкістанда Германияға ұшуды күтіп отырған шамамен 700 ауғанның ішінен бұл ұсынысты өте аз адам ғана қабылдаған. Kabul Luftbrücke гуманитарлық ұйымының өкілі Ева Бейердің айтуынша, бар болғаны бес отбасы болуы мүмкін.

Бастаманың мақсаты — Германияға қабылданатыны туралы ресми уәде алған ауған азаматтарына ақшалай төлем беру арқылы елге кіруден өз еркімен бас тартуды ұсыну.

Бұл ұсыныстан бас тартқандарға тексерулердің ұзаққа созылатыны және болашақта Германияға кіру құқығынан айырылуы мүмкін екені ескертілген. Алайда көпшілігі бағдарламаларда қалып, Германия билігінің шешімін күтуді таңдады.

Пәкістан ауғандардың осы жылдың желтоқсан айының соңына дейін елде қалуына рұқсат берді, бірақ Германия оларды эвакуациялауға үлгермесе, жергілікті билік оларды Ауғанстанға депортациялауды бастай алады.

Бундестаг депутаты, «Жасылдар» партиясының мүшесі Шахина Гамбир үкіметтің бұл ұсынысын «цинизм және моральдық азғындау» деп атады.

— Үкімет тәліп өкілдерін Германияға дипломат ретінде шақырып жатқанда, олар қудалап отырған адамдарға қауіпсіздіктен бас тартуды ақшаға ұсынып отыр, — деді ол.

Бұған дейін Констанц университетінің миграция жөніндегі сарапшысы Даниэль Тим сириялықтардың басым бөлігі Германияда мәңгі қалатынын айтқан еді.

Сондай-ақ, Германияда мигранттар ең көп жұмыс істейтін мамандықтар анықталды.

Соңғы жаңалықтар