Ауған соғысы туралы бұл фильм өмірде шынайы оқиғаға негізделген - Борис Керімбаев

МАТЫ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "А"-ға оралу" фильмінің басты кейіпкері өмірде болған адам. Оны полковник Борис Керімбаев кеше Алматыда 3D пішінде түсірілген қазақстандық алғашқы көркем фильмнің ауғандық ардагерлерге арналған әлеуметтік көрсетілімі кезінде айтты.
None
None

"Бұл фильмде 3 Қызыл Жұлдыз орденінің кавелері, полковник Жұмабек Аюбаевтың Ауған соғысында басынан өткерген оқиғалары сөз болады. Әскери училищені бітірген соң ол арнайы мақсаттағы Бас барлау басқармасы жасағы құрамында Ауған соғысына қатысты. Операциялардың бірінде аяғынан айрылып, елге оралған соң да әскер қатарында қызмет жасап полковник шеніне дейін көтеріліп, кейін өмірден озды", - дейді полковник Борис Түкенұлы. Ж. Аюбаев қызмет еткен әйгілі "Мұсылман батальонында" отряд бастығы болып қызмет етіп "қара майор" деген атқа ие болған даңқты сардардың сөзіне қарағанда, фильмдегі соғыс оқиғаларының сюжеті де нақты оқиғалардан алынған. Кеңес әскері онда ешқашан бейбіт халыққа оқ жаудырған жоқ. "Фильмде бас кейіпкер көп жылдан соң Ауғанстанға қайта барған кезде бір-бірін мүгедек еткен жауласушы екі тараптың өкілдері өзара сұхбаты беріледі. Сонда ауғандық шуравилер (Кеңес армиясы) жол салып, мектеп, ауруханалар ашты. Қазір бәріміз мальбора шегіп, кока-кола ішіп, есірткіге елтіп жүрміз. Біздің соғысымыз мағынасыз болған екен деген жері бар. Оны 2002 жылы Ауғанстанға барған кезде маған генарал Достум да айтқан болатын", - дейді Б. Керімбаев.

Соңғы жаңалықтар