Ауған соғысының ардагерлері қазақстандық қоғамды «Ардагерлер туралы» заңын талқылауға шақырды

АСТАНА. 12 мамыр. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Ардагерлер туралы» заң өскелең ұрпақ үшін, болашақ қазақстандық патриоттар үшін керек. Бүгін аталмыш заңға байланысты журналистермен кездескен Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының өкілдері осылай деп мәлімдеді.

Ауған соғысының ардагерлері қазақстандық қоғамды «Ардагерлер туралы» заңын талқылауға шақырды

Олардың сөздерінше, Қазақстанның болашағы жолындағы игіліктерге қазақстандық ардагерлердің, соның ішінде ауған соғысы ардагерлерінің де қосып отырған үлестері аз емес. Сондықтан да

болар, ардагерлерді бүгінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев та қастерлеп, оларға зор көңіл бөліп отыр. «Соңғы бірнеше жылдан бері «Ардагерлер туралы» заң қабылдау мәселесі көтеріліп келеді. Алайда мұндай бастамалар әдетте қандай да бір мерекелер қарсаңында көтеріледі де, мереке өткен соң ұмытылып, мерзімдік мәселеге айналады, немесе оны қандай да бір саяси күштер тек жеке мүдделері үшін сайлау науқаны барысында ғана көтеруде. «Осымен байланысты «Қазақстан ардагерлері» ұйымдарының қауымдастығы осы мәселеге байланысты қоғам арасында дұрыс көзқарас қалыптасуы керек деген оймен барлық қоғамдық және саяси күштерді «Ардагерлер туралы» заңын талқылауға шақырады», -деді аталмыш қауымдастық төрағасының орынбасары Талғат Әбдіжапаров.

Сондай-ақ оның сөзінше, бүгінде көптеген азаматтар заң жобасының айналасындағы әңгімелерді дұрыс түсінбей жүр. Өйткені олар мәселенің тек материалдық жағына ғана назар аударып отыр. «Біздің мақсатымыз еліміздің азаматтарын осындай теріс пікірден арылтып, заң жобасының тарихи мәні қаншалықты зор екенін түсіндіру. Біз бірлесе отырып, осы мәселе бойынша ортақ байламға келеміз деген ойдамыз. «Ардагерлер туралы» заң бірінші кезекте өскелең ұрпақ үшін, Қазақстанның болашақ патриоттары үшін қажет»,-деді Т.Әбдіжапаров