Ауған соғысының ардагерлері ҚР ҚК музейінің қорын бірегей жәдігерлермен толықтырды
Олар еліміздің, оның ішінде Ауғанстандағы соғыстың әскери тарихын зерделеу жөнінде музей мамандарымен ұдайы негізде бірлесіп ғылыми жұмыс жүргізуді бастауды жоспарлап отырғандарын атап өтті. «Интернационал жауынгерлер экспозиция ұдайы толықтырылып тұруы және музейге келетін меймандарға қызықты болу үшін музейдің қорына барлық құнды заттарды ақысыз беруге әзір. Қазір ауған соғысының жауынгерлері бүкіл елді аралап, сақталып қалған құнды заттарды жинап жүр. Біреуінде наградалар, сағат, әскери киім үлгісі, хаттар, кейбіреуінде соғыс кезінде жазылған өлең жолдары мен әндер, бірінде домбыра немесе гитара», - дейді ҚР Ауған ардагерлері мен оқшаулы соғыс одағы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Тұлғаев. ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінің құрылуы кезінде ауған жауынгерлері қорға бірқатар бірегей жәдігерлерді әкеліп те қойғанын айта кеткен жөн. Бүгінде музейдің қорында 6000-ға жуық жәдігер бар. Және еліміздің түкпір-түкпірінен, әртүрлі адамдардан экспонаттар келіп түсуде.