Ауғандық фермерлерді қолдауға арналған жеміс ағаштары жайлы кітап шықты
Ауғанстанның ауыл шаруашылығы және суландыру министрлігі ведомство басшылығы фермерлерге өз қызметтерінің тиімділігін арттыруға, сайып келгенде, олардың еңбегін табысты етуге көмектесуге ұмтылып отырғанын атап өтті.
Кітапта тоғыз жүздей әртүрлі жеміс ағаштары туралы толыққанды ақпарат берілген, соның ішінде әлемге жақсы танымал ауған бадамгүлінің бірнеше түрі де қамтылған.
.Ауыл шаруашылығы және суландыру министрі Мохаммад Асеф Рахими «Жеміс ағаштары бойынша нұсқаулық» ауған экономикасының басты бөлігі болып табылатын жемістерді экспорттауға елеулі ықпал етеді деп санайды. «Кітапта алма, жүзім, бадамгүл, шабдалы және басқа да жеміс ағаштары туралы бай материалдар жинақталған, - деді М.Рахими жергілікті «Толоньюс» телеарнасына берген сұхбатында. Мысалға, оқу құралында жүзімнің 40-50 түрі туралы ақпарат келтірілген және басқа да жемістер туралы ғылыми мағлұматтар мол.
ЕО-ның Ауғанстандағы елшісі Франц-Майкл Меллбин Еуроодақ Ауғанстанның ауыл шаруашылығы секторын қолдауға қатысып отырғанын атап көрсетті. Оның айтуынша, ауыл шаруашылығы Ауғанстанның бәсекеге қабілетті артықшылығы болмақ және ел егер ауыл шаруашылығының жоғары тиімділігіне қол жеткізетін болса, әлемдік нарықтағы ірі ойыншыға айналмақ. ЕО-ның ауғандық ауыл шаруашылығын қолдау бағдарламасы 2020 жылға дейін есептелген.