14:02, 08 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Ауғанстан астанасында қуатты жарылыс болды
АСТАНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Ауғанстан астанасы Кабулда күшті жарылыс болды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.
Жергілікті құқық қорғау органдары өкілдерінің мәлімдеуінше, мина қойылған автомобиль әскери патруль жанынан өтіп бара жатқан кезде Кабулдің әскери әуежайының маңында жарылған. Жарылыстың толқыны 1,6 шақырым қашықтықтағы аумаққа дейін сезілген. Лаңкестіктің жауапкершілігін «Талибан» исламдық тобы мойнына алды.