Ауғанстан астанасының әуежайында болған жарылыста төрт адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін таңертең Ауғанстан астанасы Кабул әуежайы маңында болған жарылыстан төрт адам қаза тапты, деп хабарлады Рейтер агенттігі.

Ауғанстан астанасының әуежайында болған жарылыста төрт адам қаза тапты

Оның үшеуі шетелдік азамат, біреуі ауғандық аудармашы. Оқиға жергілікті уақытпен таңғы сағат 7 шамасында болған. Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, шетелдік компания орналасқан жерге мотоциклмен барған жанкешті жарылғыш затты іске қосқан.