18:49, 11 Қаңтар 2022 | GMT +6
«Ауғанстан азаматтарын Қазақстанға 2021 жылы жазда әдейі әкелген» - фейк
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Telegram мессенджерінде Ауғанстан азаматтары Қазақстанға өткен жылы жазда Үкіметтің бұйрығымен әкелінгені туралы хабарламалар таратылуда.Оларды Шымкентте орналастырған екен. Бұл – фейк, деп хабарлайды ҚазАқпарат Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл қауесетті ҚР Сыртқы істер министрлігі жоққа шығарды.
«Ондай ештеңе болған жоқ. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.