Ауғанстан билігі көшкін салдарынан 2 мыңнан астам адамның қаза тапқанын растады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қайғылы оқиға елдің солтүстік-шығысында жұма күні жолы қиын таулы елді мекен Бадахшан провинциясында орын алды.
Жергілікті жердегі үлкен қышлақ нөсер жауынның салдарынан таудан аққан лай көшкінінің астында қалған.
«Барлығы 300 отбасы - 2100-ден астам адам мерт болды», - деп хабарлады провинцияның ресми өкілі Рейтер агенттігіне.
Бадахшан билігі көшкіннің қайталануы мүмкін деген қауіпте. Өйткені аймақта нөсер жауын әлі басылған жоқ. 4 мыңға жуық адам көшірілді.