Ауғанстан халқы Қазақстанның тұрақты көмегін әрдайым ризашылықпен қабылдайды - Хамид Карзай

АНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы сенімді жеңісімен Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Хамид Карзай құттықтады,

Ауғанстан халқы Қазақстанның тұрақты көмегін әрдайым ризашылықпен қабылдайды - Хамид Карзай

деп хабарлайды ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Құрметті Президент мырза,

Жоғары Мәртебелі Қазақстан Президентіне қайта сайлануыңыз дана басшылығыңыздың еліңіздің халқынан кең қолдау тапқанын көрсетеді.

Ауғанстан халқы Жоғары Мәртебелі басшылығымен жүзеге асырылып отырған Қазақстанның тұрақты көмегін әрдайым ризашылықпен қабылдайды. Ауғанстан мен Қазақстан халықтары арасында орныққан тығыз байланыстарды жоғары бағалай келе, біздің елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынастар мен өзара іс-қимыл алда да кеңейе түсетініне сенемін.

Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті

Хамид Карзай

Кабул, 2011 жылғы 4 сәуір