Ауғанстан мемлекеттік туын 23 мәрте ауыстырған

АСТАНА. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Аласапыраннан көз ашпаған Ауғанстан мемлекеті соңғы ғасыр­да мемлекеттік туын жиі-жиі ауыс­тыр­ған.

Ауғанстан мемлекеттік туын  23 мәрте ауыстырған

1880 жылдан бері, яғни 125 жыл ішінде Ауған елі мем­ле­кет­тік туын 23 рет алмастырған екен, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.

Бұл соңғы 125 жылдағы Ау­ған­с­тан­­ның билік басында бір­не­ше әу­лет пен саяси режимдердің ауы­­суы­­мен байланысты. Дурра­ний­лер империясы кезінде (1747-1823 жж.) ақ-жасыл жо­лақ­ты ту болды. Ауғанстан Эмира­ты тұсында қара түсті ту үш рет өз­герді. Ауғанстан Корольдығы ке­­зін­­де мемлекеттік ту - 5 рет, одан кейінгі Дауд дик­тату­расы үс­тем­дік құрған заманда - 2 рет, Ау­ғанс­тан Демократиялық Республи­ка­сы уа­қы­тын­да - 5 рет, Солтүстік альянс кезінде - 2 рет, Ауғанстан Ис­лам Эми­ра­ты кезінде - 2 рет, қа­зір­гі Ау­ғанс­тан Ислам Рес­публи­ка­сы ке­зін­де 3 рет мем­ле­кеттік ту ауыст­ырыл­ған. Оның ішінде қап-қара ту да, ақ түсті жалау да жо­ға­ры көтерілді, кейін мемлекеттік ту қара, қызыл жә­не жасыл түске өзгерді. Ту­дағы қара түс та­ри­хи және діни бел­гіні айшық­таса, қызыл түс ко­рольдың жоғары би­лігі мен азат­тық үшін күрестің сим­во­лы болды, ал жасыл түс үміт пен та­бысты паш етті.