Ауғанстан Президенті отпен ойнап отыр - НАТО Бас хатшысы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстан Президенті Хамид Карзай АҚШ-пен қауіпсіздік туралы келісімге қол қоймауы арқылы отпен ойнап отыр. Бұл туралы НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен мәлім етті, деп жазады Би-Би-Си.
Альянс басшысы Карзайдың жақындағы НАТО-ға қатысты сыни мәлімдемесіне өкпелі екен. «Гильдменд провинциясына британдық сарбаз аяғын баспаса, онда бұл өңір аман-есен болар еді», - деп айтқан болатын Ауғанстан Президенті. НАТО Бас хатшысы сәуірде сайланатын Ауғанстанның жаңа Президенті аталған келісімге қол қояды деп сенім артып отыр. Бұл құжатта 2014 жылдан кейін осы елде америкалық жауынгерлердің тобын қалдыруға қатысты құқықтық негіз қарастырылған. Расмуссен өз сөзінде қауіпсіздік туралы келісімнен бас тарту салдарынан Ауғанстанға халықаралық қаржы ұйымдары тарапынан көмек көрсету міндеттемесі тоқтатылуы мүмкін екенін айтуда.