Ауғанстан президенті сайлауы бойынша сайлау учаскелері ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанда сенбі күні таңертең президент сайлауының сайлау учаскелері ашылды, деп хабарладвы РИА «Новости».

Ауғанстан президенті сайлауы бойынша сайлау учаскелері ашылды

Дауыс беру 28 мыңнан астам учаскелерде жергілікті уақыт бойынша 7.00-де басталып, 16.00-ге дейін жалғасуы тиіс. Ондағы жағдайға байланысты учаскелердің жұмыс уақыты ұзартылуы мүмкін, деп хабарлады Франс Пресс агенттігі.

Ауғанстан азаматтары елді көп жыл бойы басқарып келген көшбасшы Хамид Карзайдың орнын басатын ізбасар сайлауы қажет. Хамид Карзай елді тәлібтер режимінің құлаған кезі 2001 жылдан бері басқарып келеді және оның үшінші мерзімге сайлауға түсуіне құқығы жоқ. Жалпы алғанда сайлауға деген көпшіліктің назары, сонымен бірге, жаңа президентке елді ағымдағы жылдың соңына қарай халықаралық коалицияның әскерін біржола елден шығару қарсаңындағы кезеңде басқару міндеті артылатындығымен түсіндіріледі. Жаңа басшы елдегі дербес қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін шешетін болады.

Осы сайлауда жеңістен үмітті үш кандидат бар - Расул Залмай, бұрынғы қаржы министрі Ашраф Ғани мен бұрынғы сыртқы істер министрі Абдулла Абдулла. Егер сенбі күнгі дауыс беруден кейін кандидаттардың ешқайсысы 50 пайыздан артық дауыс жинамаса, онда 28 мамырға жоспарланған екінші кезеңі өткізіледі.

Президент сайлауымен бірге, Ауғанстанда сенбі күні биліктің жергілікті органдарына да үміткерлерді сайлау өтеді.