Ауғанстан Президенті тәлібтерді бітімгершілікке шақырды

АСТАНА. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат - Ауғанстан Президенті Хамид Карзай «Талибан» қозғалысының содырларына үндеу тастап, оларды қарулы күресті тоқтатуға және бейбіт үдеріске қосылуға шақырды. Хамид Карзай мұсылмандардың Қасиетті Рамазан айының аяқталуына орай сөйлеген сөзінде осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ВВС радиостансасының Орыс қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Х.Карзай лаңкестердің жетекшісі молда Омарды бейбіт балалар мен әйелдерді өлтіруін доғаруға шақырды. Карзай батыстық одақтастарға да сөз арнады. Ауған президенті оларды бейбіт халықтың қазасына жол бермеуге үндеді.

Соңғы жаңалықтар