Ауғанстан президентінің өкілеттілігі ұзартылды
МӘСКЕУ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат – Ауғанстан Ислам Республикасының Жоғарғы соты Хамид Карзайдың президенттік өкілеттілігі тамызда болатын мемлекеттің жаңа басшысын сайлауға дейін ұзартты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Жоғарғы соттың шешімі өкілеттілігі мамырдың 21-інде аяқталатын Карзайдың президенттігіне қатысты бірқатар уақыттан бері түсініксіз болып келген мәселенің мәнісін айқындады. Жоғарғы соттың мәлімдемесінде президент өкілеттілігін ұзарту туралы шешім мемлекеттегі тұрақтылықты қамтамасыз ету қажеттігінен туындап отырғаны айтылған.