Ауғанстан президенттігіне үш адам үміткер болып отыр
МӘСКЕУ. Мамырдың 4-і. ҚазАқпарат – Ауғанстан басшысы лауазымына үміткер болып ұсынылған үш адамның дұрыс толтырылған сауалнамасы Орталық сайлау комиссиясына жіберілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне сілтеме жасап. Ауғанстанның қазіргі президенті Хамид Карзай, түркітілдес ауғандықтар одағының басшысы Акбар Бай және «Бейбітшілікке қарай қозғалыс» партиясының төрағасы Шахнавваз Танай толтырылған сауалнамалар мен жақтастары қол қойған парақтар Орталық сайлау комиссиясына тапсырды. Сайлау тамыздың 20-сында өтпек.