Ауғанстан шығысында ислам мемлекетінің 40-тан астам содырының көзі жойылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елдің шығысында Нангархар провинциясында ауған әскерилерінің жер үсті және әуе операцияларының барысында «Ислам мемлекеті» террорлық тобының 41 содыры өлтірілді, деп хабарлады сәрсенбіде Khaama Press агенттігі.

Ауғанстан шығысында ислам мемлекетінің 40-тан астам содырының көзі жойылды

Жергілікті билік деректеріне сәйкес операцияны Ауғанстан қарулы күштері жүргізді. Провинция губернаторының әкімшілігінде өлтірліген содырлар арасында топтың жергілікті жетекшілерінің бірі, сондай-ақ ұлты нақтыланбаған бірнеше шетелдік бар екені хабарланды.

Ауғанстандағы жағдай соңғы айлары елеулі нашарлап кетті, деп атап өтеді РИА Новости. Бұдан бұрын елдің ауылдық жерлеріндегі елеулі аймақты басып алған "Талибан" радикалдық қозғалысы ірі қалаларға шабуылдай бастады және елдің аумағында «Ислам мемлекеті» радикалдық тобының ықпалы артты.