Ауғанстанда 100-ге жуық оқушы «емтиханнан өткізетін» бұршақтан уланып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның Герат провинциясында 10-14 жас аралығындағы 100-ге жуық мектеп оқушысы үрме бұршақтан (фасоль) уланып, ауруханаға түсті, деп жазады khabar.kz.

Ауғанстанда 100-ге жуық оқушы «емтиханнан өткізетін» бұршақтан уланып қалды

Балалар үрме бұршақты мектеп маңындағы бір саудагерден сатып алған. Ал сатушы бұршақ сатып алып жесе, оларды емтиханнан сәтті өтетіндігін айтып сендірген. Ал елдің ІІМ бұл улануды радикалды топтардың ұйымдастыруы мүмкін екендігін де жоққа шығармайды