Ауғанстанда 20 әскери қызметші тәліптер шабуылының құрбаны болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстандағы әскери базаға шабуыл жасап, жиырма сарбазды өлтірді және жетеуін ұрлап кетті. Бұл туралы ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі хабарлады.
Оқиға Пәкістанмен шекаралас шығыстағы Кунар провинциясында болды. Басқа ақпарат әзірге хабарланған жоқ.
Соңғы кездері тәліптер НАТО әскерлерінің елден шығатыны жарияланғаннан кейін содырларды жою операцияларына дербес кіріскен Ауғанстандағы армия мен полицияның қимылына жауап ретінде өз қызметін жандандырды