Ауғанстанда 50 тонна апиын тәркіленді
АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат - Ауғанстандық және американдық әскерилер сәрсенбі күні, қазанның 7-сінде Каджаки деревнясына жақын маңдағы Гильменд уәлаятында героин өндірісінің фабрикасын тапты және жойды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Лента.ру сайтына сілтеме жасап.
Ауғанстан қорғаныс министрлігінің өкілі Мохаммад Захир Азимидің (Mohammad Zahir Azimi) мәлімдеуінше, 50 тоннаға жуық апиын және 1,8 тонна героин тәркіленген. Азимидің айтуынша, бұл соңғы айда алынған есірткінің аса ірі партиясы көрінеді.