08:29, 02 Қазан 2015 | GMT +5
Ауғанстанда апатқа ұшыраған АҚШ-тың әскери ұшағында қаза тапқандар саны анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанда апатқа ұшыраған АҚШ-тың С-130 әскери-көліктік ұшағында мерт болғандар саны 14 адамға жетті. Бұл туралы АВС телеарнасы АҚШ Қорғаныс министрлігінің өкіліне сілтеме жасай отырып хабарлады.
Ведомство ақпаратына сүйенсек ,«Hercules» С-130» әскери-көліктік ұшағы Ауғанстанның шығысындағы Джелалабад қаласының әйежайында құлады. Бұған дейін қаза болғандар саны 12 адам деп хабарланған. Ұшақтың құлау себептері әлі анықталған жоқ.