Ауғанстанда аудандық полицияны тұңғыш рет әйел басқарды
АСТАНА. 15 қаңтар. ҚазАқпарат - Ауғанстанның астанасында аудандық полиция басшылығына алғаш рет әйел тағайындалды.
Елдің ІІМ өкілінің сөзіне қарағанда, бұл тағайындау үкіметтің полициядағы әйелдердің орнын жоғары бағалайтындығын көрсетеді.
ВВС-дің хабарлауынша, Кабулде қылмыс деңгейі жоғары деп саналады. Полицияның жаңа басшысы Джалеема Байяздың қол астындағылардың басым бөлігі ер адамдар болып отыр.