Ауғанстанда ауруханаға жасалған әуе күштерінің соққысынан қаза тапқандар саны 22-ге жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз қаласында «Шекарасыз дәрігерлі қызмет» халықаралық ұйымының ауруханасына жасалған шабуылдан қаза тапқандар саны 22 адамға жетті, деп хабарланды ұйымның Twitter-дегі жеке парақшасында.
Бұған дейін 19 адам қаза тапқаны, 30 адам із-түзсіз жоғалып кеткені хабарланған болатын.