Ауғанстанда әйелдердің бір-бірімен сөйлесуіне тыйым салынды

«Талибан» қозғалысының министрі Халид Ханафи әйелдерге тек ерлермен ғана емес, әйелдермен де ашық сөйлесуге тыйым салды, деп хабарлайды BILD басылымы.

женщины в Афганистане
Фото: BILD

Сонымен қатар, министрдің мәлімдемесіне сәйкес, кәмелетке толған қыздарға басқа кәмелетке толған қыздардың дауыстарын естуге тыйым салынады. Сондықтан әйелдер де басқа әйелдердің алдында Құранды дауыстап оқудан аулақ болғаны жөн.

BILD атап өткендей, 2021 жылдың тамызында Ауғанстанда тәліптер билікке келгеннен кейін елдегі әйелдерге білім алуға, ер адамның еріп жүруінсіз саяхаттауға және көпшілік алдында, әсіресе ер адамдармен сөйлесуге тыйым салынды. Оларға саябақтарға баруға, суға түсуге немесе спортпен айналысуға болмайды. Сұлулық салондарына да тыйым салынды. Әйелдерге арналған мекемелер жабылып, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық туралы» заңның күші жойылды.

Әйелдер «исламға қайшы мінез-құлық» үшін жиі жазаға тартылып, түрмеге жабылады.

Талибан бұған дейін әйелдерге қоғамдық орындарда дауыстап сөйлеуге тыйым салған. Бұған жауап ретінде ауған әйелдері ән айта бастады — әлеуметтік желілерде наразылық пен келіспеушілік белгісі ретінде ән айтатын тренд пайда болды.

Естеріңізге сала кетейік, БҰҰ Ауғанстан әйелдерінен барлық шектеулерді алып тастауды талап еткен болатын.

Соңғы жаңалықтар