Ауғанстанда базар аумағына түскен снарядтан бірнеше адам ажал құшты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауғанстанда базар аумағына түскен снаряд салдарынан 4 тұрғын қаза тапты. Бұл туралы жұма күні TOLOnews телеарнасы полицияға сілтеме жасап хабарлады.
Бұдан бөлек, 36 адам жарақат алған. Зардап шегушілердің арасында балалар да бар. Жарақат алушылар жергілікті ауруханаларға жеткізілді.
Оқиға Фарьяб провинциясында, елдің солтүстік-батыс бөлігінде болған.