Ауғанстанда белгісіз біреулер автобустың 30 жолаушысын ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанда бетперде киген қарулы адамдар жолда келе жатқан автобусты тоқтатып, 30 адамды ұрлап кетті. Бұл туралы Gazeta.ru-ға сілтеме жасап Day.Az хабарлады.

Ауғанстанда белгісіз біреулер автобустың 30 жолаушысын ұрлап кетті

Оқиға Герат пен Кабул қалалары арасындағы жолда орын алғаны нақтыланды. Автобуста жергілікті мұсылман шейіттер болған.

Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.