Ауғанстанда бензин тасымалдайтын көлік жарылды: қаза тапқандар бар
АСТАНА. 26 қазан. ҚазАқпарат - Ауғанстанда бензин тасымалдайтын көліктің жарылуынан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың саны кем дегенде 50 адамды құрайды,
деп хабарлайды Би-Би-Си.
Парван провинциясы аймақтық билігінің өкілі хабарлағандай, бензин таситын көліктің тіркемесіндегі саңылаудан шыққан бірінші жарылыстың қуаты өте аз болған.
Ал адамдар төгілген жанармайды жинау үшін көліктің жанына жиналған кезде екінші қуатты жарылыс болды.
Ассошиэйтед пресс агенттігінің хабарлауынша, үш адам сол жерде қаза тауып, тағы екі адам ауруханада көз жұмған.
Әзірге ешбір топ болған оқиға үшін жауапкершілікті алған жоқ.