Ауғанстанда бей-берекет атылған оқтан қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны 70-тен асты

None
None
КАБУЛ. ҚазАқпарат – Панджшер провинциясын басып алу туралы хабарламалардан кейін «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары жаппай бей-берекет оқ жаудырған. Атыс салдарынан елде қаза тапқандар мен жараланғандар саны 70-тен асты. Бұл туралы ҚазАқпарат The Khaama Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кабулдағы жедел жәрдем ауруханасы 4 қыркүйекке қараған түні 17 марқұмның мәйіті мен жарақат алған 40 адам жеткізілгенін растады. Елдің шығысында Желалабадтан келген деректерге сәйкес, өткен түнде атыс салдарынан 17 адам қаза тапқан. Агенттік басқа қалалардан да ақпарат келіп түсетіндіктен зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін айтады.

Бұған дейін ауған ақпарат құралдары хабарлағандай, Кабулда елдегі билікті басып алған «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары бей-берекет оқ жаудырып, бағынбаған солтүстік Панджшер провинциясын толық басып алғандықтарын осылай атап өткен. Ал аймақтағы ұлттық қарсылық өкілдері радикалдардың осы провинцияға бақылау орнатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.


Соңғы жаңалықтар