Ауғанстанда бейбіт халықты опат қылған АҚШ сержанты өмір бойы абақтыда отыру жазасына кесілді

АСТАНА. 25 тамыз. ҚазАқпарат - Қандағарда Ауғанстанның 16 бейбіт тұрғынының өліміне айыпты деп танылған АҚШ әскерінің сержанты Роберт Бэйлс мерзімінен бұрын шартты босау құқығынсыз өмір бойы абақтыда отыру жазасына кесілді.

Ауғанстанда бейбіт халықты опат қылған АҚШ сержанты өмір бойы абақтыда отыру жазасына кесілді

Бұл оқиға 2012 жылдың 11 наурызында оның Ауғанстанға төртінші іссапары кезінде орын алған еді. Құрбан болғандардың басым бөлігі - әйелдер мен балалар.

Бейсенбі күні болған сотта Бэйлс аталған кісі өлтіру әрекетіне кешірім сұрап, осы ісін жүрексіздік деп атады.

ВВС-дің жазуынша, оның қорғаушылары сержант посттравматикалық күйзелісте болды деп айтуда.

Бұдан бұрын Бэйлс прокурорлар сұраған өлім жазасын өмір бойы абақтыда отыру жазасына ауыстырған жағдайда өзінің кінәсін мойындайтынына келіскен еді.