Ауғанстанда болған жарылыс 8 адамды бақилық етті

АСТАНА. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Кабул маңындағы жарылыс салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тапты, деп хабарлайды Ауғанстан билік көздеріне сілтеме жасаған Утро.ру сайты.

Ауғанстанда болған жарылыс 8 адамды бақилық етті

Таңсәріде Пагман ауданында маршруттық такси жарылды, қаза тапқандардың барлығы бейбіт тұрғындар еді.

Билік көздерінің айтуынша, жарылысты ұйымдастырушылардың нысанасы полиция патрулі болды. Жарылысқа қатысы бар бір күдікті азамат ұсталды. Әзірше Ауғанстанның бірде-бір тобы жарылыс жауапкершілігін өз мойнына алған жоқ.