Ауғанстанда болған жер сілкінісінен 100-ге жуық үй қирап қалды

АСТАНА. 6 сәуір. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні таңертең Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясында жер сілкінісі болды, оқиға салдарынан 100-ге жуық үй қирап қалған, адам шығыны жоқ.

Ауғанстанда болған жер сілкінісінен 100-ге жуық үй қирап қалды

Бұл туралы Мармаль үйезі әкімшілігінің басшысы Шир Мохаммадтың ақпаратына сілтеме жасай отырып, Утро.ру агенттігі хабарлайды.

Шенеуніктің журналистерге айтуы бойынша, жер асты дүмпулері шамамен жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 05:30-да Мармаль үйезіне қарасты Парваза елді мекенінде сезілген.

Зардап шеккен елді мекеннің халқы көршілес аймақтарға көшірілді.