Ауғанстанда жер сілкінісінен жараланғандар саны 320-дан асты
АСТАНА. KAZINFORM – Ауғанстанда 6,3 магнитудалы жер сілкінісі салдарынан кемінде 20 адам қаза тапты, деп хабарлайды BBC.
                                              Құтқару жұмыстары жалғасып жатқандықтан, құрбандар саны көбеюі ықтимал.
Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Шарафат Заман Амардың мәліметінше, жараланғандардың саны 320-дан асты.
Жерасты дүмпуі 3 қарашаға қараған түні елдің солтүстігіндегі халқы шамамен 500 мың адамды құрайтын Мазари-Шариф қаласында болған.
Билік «қызғылт сары» деңгейдегі қауіп туралы ескерту жариялады, бұл айтарлықтай адам шығыны мен қирандылардың көп болу қаупін білдіреді.
Талибтер үкіметінің өкілі Балх провинциясында әлеуметтік желіде жариялаған видеода Мазари-Шарифтегі әйгілі Голубая мешіт аумағында шашылған қирандылар көрініп тұр. Бұл мешітте алғашқы шиит имамының қабірі орналасқан деп саналады, ал ол жерге жыл сайын мыңдаған қажы дұға етуге және діни мерекелерді атап өтуге келеді.
Ауғанстан геологиялық тұрғыда сейсмикалық белсенді аймақта орналасқан, мұнда Үнді және Еуразия тектоникалық плиталары түйіседі.
Еске сала кетсек, биыл 1 қыркүйекке қараған түні елде магнитудасы 6-ға тең жойқын жер сілкінісі болып, 2200-ден астам адам қаза тапқан еді. Ол соңғы жылдардағы ең жойқын табиғи апаттардың бірі болды.
Айта кетейік, бүгін Ауғанстандағы жер сілкінісінен жеті адам қаза тапқаны хабарланды.
یادي زلزلې د روضیې شریفي ښکلا ته هم ستر زیان رسولي.
— Haji zaid (@Hajisahib1234) November 2, 2025
👇 pic.twitter.com/U6Rj5n4PZF