Ауғанстанда БҰҰ төрт қызметкері теракт құрбаны болды
АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - Кеше Кабулда террористің жарылғыш затты іске қосуынан БҰҰ төрт қызметкері ажал құшты, деп хабарлайды ИТАР ТАСС.
Бұл нақты мәліметтерді бүкіләлемдік ұйымның бас хатшысының ресми өкілі Мартин Несирки хабарлады.
Бұрынырақ ол Біріккен Ұлттар Ұйымының үш қызметкерінің қаза болғандығы туралы мәлімдеген еді. Сондай-ақ, Халықаралық валюта қорының өкілі де жанкештінің қолынан қаза тапқан.