Ауғанстанда ДАИШ бөлімінің жетекшісі өлтірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат -   Ауғанстан президенті Ашраф Гани «ДАИШ» террорлық тобының ауғандық бөлімінің басшысы Абдула Хасибаның көзі жойылғанын мәлімдеді, деп хабарлады  russian.rt.com.
None
None

Reuters агенттігі хабарлағандай,  ол шығыс  Нангархар провинциясында операция барысында өлтірілді. 

Хасиб Ауғанстанда АҚШ-тың пилотсыз ұшағының соққысынан Хафиз Сайед Хан  қайтыс болғаннан кейін 2016 жылы ИМ басшысы болған.  

Абдула Хасиб  Ауғанстанда, оны ішінде Кабулда наурызда әскери госпитальға шабуылдар сериясын жүзеге асырғаны атап өтіледі.  

Соңғы жаңалықтар