Ауғанстанда елдің жаңа президентін ұлықтау салтанаты өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның жаңа президенті Ашраф Гани Ахмадзай 29 қыркүйекте ант қабылдап, өзінің міндеттерін атқаруға ресми түрде кіріседі. Салтанатты рәсім Кабулде Ислам республикасы басшысының сарайында өтеді, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Ауғанстанда елдің жаңа президентін ұлықтау салтанаты өтеді

Ауғанстанда президенттің ұлықтау салтанатына орай ресми демалыс күні болып жарияланды. Астанада және президент сарайында соңғы әзірліктер жүргізілуде. Қала көшелері тәртіпке келтіріліп, ауған ұлттық жалауларымен, президенттіктен кететін Хамид Карзайдың және елдің жаңа басшылары - Ислам республикасының басшысы Ашраф Гани Ахмадзайдың және премьер-министр Абдулла Абдулланың портреттерімен безендірілген.

Кабулда бұрын-соңды болмаған қауіпсіздік шаралары қолға алынды. Ауған БАҚ-тары жаңа тәртіпті «темір шымылдық» деп жариялап үлгірді, полиция торуылы күшейтілді және армия қалаға барлық кіреберістерді, астаналық басты аудандарды жапты, күш-құрылым қызметтері барлық автокөліктерді егжей-тегжейлі тексеруде, жеке құжаттарды жаппай тексеру жүпрп жатыр.

Шара бағдарламасы бойынша ұлықтау рәсімі аяқталған бойда, Ашраф Гани Ахмадзай ел президенті ретінде Премьер-министр Абдулладан және екі вице-президент - Абдул Рашид Дустум мен Мохаммад Сарвар Данештен ант қабылдайды.

«Біз көптеген шетелдік қонақтарды, ауған саяси, қоғамдық және діни қайраткерлерін күтудеміз», - деп мәлім етті Ауғанстан үкіметі хатшылығының өкілі Жавад Нажи. Ауған билігі қауіпсіздік талаптарына байланысты қатысушылардың нақты санын және құрамын жарияламай отыр. Дегенмен баспасөздің хабарлауынша, ұлықтауға 1,6 мың адам қатыспақ. Қонақтар арасында - 200 шетелдік мемлекеттер мен ұйымдар (Шанхай ынтымақтастық ұйымынан да) өкілдері бар.