Ауғанстанда Италия елшілігінде зымыран жарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кабулдағы италяндық елшілікте жексенбі кешке, Талибанмен бейбіт келіссөздерді жаңғыртуды талқылауға қатысты кездесуге бірнеше сағат қалғанда зымыран жарылды.

Ауғанстанда Италия елшілігінде зымыран жарылды

Би-Би-Си агенттігінің хабарлауынша, жарылыс салдарынан елшілік күзетшісі жарақат алған.

Жергілікті Afghan Tolo News арнасынан елшілік алдында әскерилер және өрт сөндірушілердің машиналары тұрғаны көрсетілген.

Бүгін Ауғанстан, Пәкістан, АҚШ және Қытай өкілдері Кабулда көтерілісшілердің қақтығысын бейбіт шешу жайындағы келіссөздерін бастайды.