Ауғанстанда қар көшкіні 20 адамның өмірін қиып кетті
КАБУЛ. Синьхуа-ҚазАқпарат – Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясында Дангам округінде қар көшкіні салдарынан 20 адам қаза тапты, 15 адамның денесі табылды. Бұл туралы дүйсенбі күні Bakhtar мемлекеттік ақпарат агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.
Дангам округінің ақсақалы Малик Вали Джан Синьхуа агенттігіне жексенбі күні кешқұрым Горига ауылында қалың қар жауып, бұл елді мекенді көшкін басқаны туралы айтып берді. Апат салдарынан 90 тұрғын із-түзсіз жоғалған.