Ауғанстанда қар көшкіні салдарынан 64 адам қаза болып, 400 адам жараланды

АСТАНА. Ақпанның 10-ы. ҚазАқпарат - Нақтыланған мәліметтер бойынша, Ауғанстанда қар көшкіні салдарынан 64 адам қаза болып, 400 адам жараланды. Жергілікті өкімет осындай мәлімдеме жасап отыр,

Ауғанстанда   қар көшкіні салдарынан  64 адам қаза болып,  400 адам жараланды

деп хабарлайды Associated Press агенттігі. Оған қоса, құтқарушылардың мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта қаза болғандардың тек 24-інің ғана тұлғасы анықталды, апаттың қалған 40 құрбанының тұлғалары әзірге анықталмай отыр.

Арнайы операция барысында құтқарушылар, жараланғандарды қоса есептегенде, барлығы 2,5 мыңнан астам адамды құтқара алған. Сондай-ақ, қар үйінділерінің астында қалып қойғандарды іздеу шараларына бульдозерлер мен тікұшақтар жұмылдырылып отырғандығы хабарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, қалың жауған қардың салдарынан ел орталығы Кабул мен солтүстіктегі Мазари-Шариф қаласын байланыстырушы Саланг тау жолында ақпанның 8-інде қар көшкіні тіркелген болатын. Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасуда.