Ауғанстанда қар көшкіні салдарынан құрбан болғандар саны 200 адамнан асты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанда қар көшкіні салдарынан құрбандар саны 200 адамнан асып түсті.
Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Апат елдің солтүстік-шығысында орналасқан Панджшер провинциясындағы бірнеше ауылдарға ауыр соққы болып тиді, деп хабарлады AFP агенттігі.
Бұдан бұрын қаза тапқандар 100-ден астам деп хабарланған.