Ауғанстанда қар көшкінінен қаза болғандарды еске алу үшін қаралы күндер жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның билік көздері 28 ақпаннан бастап елде қар көшкінінен қаза болғандарды еске алу үшін үш күндік аза тұтуды жариялады, деп хабарлайды Twitter әлеуметтік желісінде TOLO-News ақпараттық агенттігінен.

Ауғанстанда қар көшкінінен қаза болғандарды еске алу үшін қаралы күндер жарияланды

Қазіргі уақытта аймақта іздестіру-құтқару іс-қимылдары жалғастырылуда.

Естеріңізге сала кетейік, табиғи апат Парьян, Хиса-Довам, Абдуллахель биік таулы уездері мен Панджшер провинциясының әкімшілік орталығы болып табылатын Базарак қаласын қамтыған. Бұл өңірде болатын қыс қардың көп түсуімен, қатаңдығымен ерекшеленеді. Қар көшкіні көптеген тұрғын үйлер мен инфрақұрылым нысандарын басып қалған.

Соңғы мәліметтер бойынша, кем дегенде 260 адам қар көшкіні құрбандарына айналды, соның ішінде әйелдер мен балалар бар. Солтүстік-шығыстағы провинциялардың тағы 27 тұрғыны жарақаттар алды.