Ауғанстанда қауіпсіздік қызметкерлері отырған патрульдік фургон жарылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауғанстанның Кунар провинциясында жарылыс болып қауіпсіздік қызметінің бір қызметкері көз жұмды. Бұдан бөлек тағы 6 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Ауғанстанда қауіпсіздік қызметкерлері отырған патрульдік фургон жарылды

Провинцияның полициясы Абдул Хак Хакканинің айтуынша, жарылыс жексенбі күні жергілік уақытпен сағат 08:30 шамасында болған. Жарылыс Газиабад округі қауіпсіздік қызметінің өкілдері отырған патрульдік фургонға жасалған.

Оқиғадан бір қауіпсіздік қызметкері көз жұмып, тағы алтауы жарақат алған. Жарақат алған алты адамның үшеуі бейбіт тұрғындар.